×

Сәтбаевта гастрольде жүрген 18 жастағы цирк әртісі өлі табылды: полиция мәлімдеме жасады

Полиция Мария Катцун өз-өзіне қол жұмсады деп болжам жасады

 Халық үні 07.11.2022 | 18:58
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Сәтбаев қаласында гастрольде жүрген «Шапито» циркінің 18 жастағы әртісі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция Мария Катцун өз-өзіне қол жұмсады деп болжам жасады. Алайда бойжеткеннің жақындары бұл нұсқаға сенбейтіндерін айтып отыр. Бұл туралы олар желіде жазба жариялады.

Қыздың достары Мария әрқашан салауатты өмір салтын ұстанғанын, спортпен айналысқанын және әрдайым циркте өнер көрсетуді армандағанын айтады.

Мария эстрадалық цирк училищесінде оқып, жазда Алматы қаласының «Шапито» циркімен өндірістік тәжірибеден өту туралы келісімшартқа қол қойған. Қайғылы оқиға кезінде цирк Сәтбаев қаласында гастрольде болған.

«Аталмыш факт бойынша Сәтбаев полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Ұлытау ауданы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама