×

Ресей қаласындағы түнгі клубта 13 адам қаза тапты

250 адам қауіпсіз жерге шығарылған

 Халық үні 05.11.2022 | 22:55
Фото: РИА Новости

Ресейдің Кострома қаласындағы «Полигон» түнгі клубында болған өрттен соңғы деректар бойынша 13 адам көз жұмған, тағы 4 адам зардап шеккен. 7 қараша қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, «Полигон» дәмханасында өрт түнгі 02.30-да басталған. 250 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Өрттің шығуына кінәлі адам ұсталды.

«Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері өрттің шығуына кінәлі адамды Кострома қаласындағы көңіл көтеру орындарының бірінен ұстады. Қазіргі уақытта ол тергеу органдарына берілді», - делінген хабарламада.

Өрт пиротехниканың жарылуынан болуы мүмкін деген болжам бар. 

Тергеу комитеті абайсызда адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама