×

Талдықорған әкімдігі 750-ден астам үйге газ қашан берілетінін хабарлады

Қарашаның басында апат болып, газ беру тоқтатылған

 Халық үні 04.11.2022 | 17:20
Фото: sputnik.kz

Талдықорғанда бірнеше күннен бері 754 үйге көгілдір отын берілу тоқтатылды. Оған Шоқан Уәлиханов және Максим Горький көшелерінің қиылысындағы жерасты жартылай қысымдағы құбырдан газдың шығуы себеп болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Апаттың алдын алу мақсатында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері Желтоксан-Жансүгіров-Ақын Сара-Тынышбаев көшелеріне газ таратуды тоқтатқан. Қазір жауапты мекеме оның нақты себебін анықтап, ақауды жоюға кіріскен.

Ақауды тауып, оны жөндеу үшін барлық шараны жүзеге асырып жатырмыз. Газ жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді Жетісу облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Мирас Қожахметов.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жөндеу жұмыстары Уәлиханов көшесінде аяқталғанын мәлімдеді.

Қазірге дейін №3, №4, №5 шағын аудандарындағы көпқабатты үйлер мен Жансүгіров-Желтоқсан-Жалаири-Балапанов көшелерінің алаңына кіретін жеке секторларға газ беру қалпына келтірілді, - деп хабарлады қала әкімдігі.

Талдықорған қаласының әкімдігі 4 қарашада газ беру тоқтатылған барлық абонентке көгілдір отын толық берілетінін айтты.

Әмина Құдайберген, Жетісу облысы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама