×

WhatsApp-та жаңа функция іске қосылды

Енді сауалнама жүргізуге де болады

 Дәурен Ерболат 04.11.2022 | 13:27
Фото: tonkosti.ru

WhatsApp мессенджерінде жаңа функция іске қосылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Енді мессенджерді пайдаланушылар 1024 қатысушы бар топ құрып, 32 адаммен видео қоңырау шала алады.

Жыл соңына дейін «Сообщества» атты жаңа функция қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Ол іске қосылса, чаттарда сауалнама жүргізуге болады.

WhatsApp — смартфондарға арналған мессенджер. Мәтіндік хабарландыру, сурет, видео және аудио жөнелтуге болады. Android, BlackBerry OS, BlackBerry 10, iOS, Series 40, Symbian (S60) және Windows Phone сияқты платформаларда жұмыс істейді. Мессенджерді жасаған компанияның негізін Ян Кум (Jan Koum) және Брайан Эктон (Brian Acton) 2009 жылы Калифорния штатында құрған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама