×

Шымкентте қылмыстық топ жас қыздарды сексуалдық құлдыққа сатқан

11 адамнан тұратын қылмыстық топтың 23 қылмыс жасауға қатыстылығы дәлелденген

 Халық үні 02.11.2022 | 21:41
фото: serke.org

Шымкентте қылмыстық топ мүшелері кәмелет жасқа толмағандарды сексуалдық құлдыққа сатып келген, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қылмыстық топтың іс-әрекеті тамыз айында тоқтатылған. Олар Шымкентте адам саудасымен, сексуалдық қанаумен, ұяларды күтіп-баптаумен және адамдарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартумен айналысқан.

11 адамнан тұратын қылмыстық топтың 23 қылмыс жасауға қатыстылығы дәлелденген. Таяуда адам саудасымен айналысқан тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды.

Үш ұйымдасқан топты құрықтадық. Ұсталды. Соның ішінде 11 адам қамауға алынды. 27 жәбірленуші бар, оның ішінде алтауы кәмелетке толмағандар, оны осы жуырда ғана ұсталған топ ол. Бүгін тергеу барысында жүріп жатыр, – деді ҚР ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама