×

Мектеп формасына өзгеріс енгізілмек

Енді мектеп формасының түсіне сәйкес галстук тігудің керегі жоқ

 Дәурен Ерболат 02.11.2022 | 11:50
Фото: top-news.kz

Оқу-ағарту министрлігі мектеп формасына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Құжат ашық НҚА-да жарияланды.

Ведомствоның ұсынысы бойынша ұлдарға күнделікті жейде, түймелері бар немесе тоқылған күрте, кардиган, поло жейде және тенниска киюге болады. Ал қыста трикотаж жилет пен водолазкаға рұқсат етіледі. Қыздарға да осы талап қойылады. Алайда қыста оларға трикотаж жилет, водолазкадан бөлек, сарафан кию ұсынылады.

Осы уақытқа дейін мерекеде ұлдардың күнделікті формаға қосымша ақ жейде, қыздардың ақ түсті блузка киуі туралы норма алынып тасталады. Сондай-ақ мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігу талабы да алынып тасталады, - деп жазылған министрліктің бұйрығында.

Құжатта білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады деп жазылған. Бірақ жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге болмайды.

Ата-аналардың өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін айқындалған.

Бұйрыққа сәйкес, мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері мен мектеп тарапынан жауапты тұлғалар қатысып, шешім қабылдайды.

Құжат 15 қарашаға дейін ашық талқылауға шығарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама