×

СҚО-да ер адам анасын пышақтап тастады

Қайғылы оқиға 12 қазанда болған, 81 жастағы кейуана аурауханада қайтыс болды

 Самат Жақып 31.10.2022 | 17:30
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік  Қазақстан облысында 56 жастағы азамат анасын пышақтап тастады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы оқиға Қызылжар ауданына қарасты Архангельское ауылында болған. 2022 жылдың 12 қазанында аудандық полиция бөліміне аталған елдімекенде 1941 жылы туған әйелдің жарақат алғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.

Жәбірленуші бірден жедел жәрдем көлігімен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алайда азаматша алған жарақатынан медициналық мекемеде қайтыс болды.

Қылмысты жасады деген күдікпен марқұмның ұлы ұсталды.

Күдіктінің не себепті мұндай әрекетке барғаны әлі белгісіз.

Осы дерекке байланысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «адам өлтіру» бойынша іс қозғалды. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауға алынды.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 22 жастағы тұрғынның Теренкөл ауылының екі тұрғынын пышақтап өлтіргені хабарланды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама