×

Астанада коммуналдық қызметкерлердің жалақысы көбейеді

Қала әкімі жұмысшылардың 24 сағат жұмыс істейтінін айтты

 Дәурен Ерболат 31.10.2022 | 14:27
Фото: inform.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызметкерлердің жалақысының көбейетінін айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қаланың аумағы кеңейіп жатыр.

Сондықтан жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, көшелер мен көпірлер пайдалануға берілуде. Сол себепті, коммуналдық қызметтердің де жұмысы көбейіп жатыр. Елорданың қатты аязына қарамастан коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері кез келген ауа райында күндіз де, түнде де жұмыс істейді, - деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парақшасына.

Сондай-ақ ол коммуналдық қызметкерлердің жалақысының көбейетінін атап өтті.

«Олардың қолайлы жағдайда еңбек етуі үшін коммуналдық қызметтердің автопаркін үнемі жаңартып, жалақы мөлшерін арттырып, қосымша сыйақы да енгіздік... Биыл қарашадан бастап «Астана Тазалық» компаниясының жұмысшылары мен жүргізушілерінің жалақысын 20%-ға арттырамыз. Сол сияқты сыйақы да енгізілді. Қалалық коммуналдық қызмет мамандарының жалақысын 2023 жылы қосымша көтереміз. Қажет болған жағдайда автопаркті әрі қарай да жаңартамыз», –  деді Алтай Көлгінов.

Еске салайық, бұған дейін «Астана тазалық» компаниясының жұмысшылары жалақысын өсіруді талап еткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама