×

Павлодарлық күш иесі әйгілі Қажымұқанның жаттығуларын қайталап, Batyrs Battle сайысының жеңімпазы атанды

Сергей Лаптев табиғи тасты және бөренені көтеру жаттығуларында қарсыластарын артта қалдырды

 Халық үні 31.10.2022 | 08:34
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда алғаш рет Batyrs Battle жарысы  өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, сайыс өңірдің мықты спортшылары арасында өткен. Ұйымдастырушылар өз уақытында Қажымұқан Мұнайтпасов жасаған жаттығуларды орындатты.

«Бұл - алтыншы турнир, мақсаты - ұлттық күш мәдениетін дамыту және біздің ұлы палуан Қажымұқан Мұнайтпасовты еске алу. Осындай жарыстар Ақтөбе облысында, ШҚО, Түркістан облысында, Астанада, Көкшетауда өтті», - дейді қазақстандық спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев.

Бағдарламада 60-70-80 және 90 келі қаптарды, 150 келі бөренені, 120 келі табиғи тасты уақытқа көтеру, арматураны бүгу және финалда белбеу күресі болды.

Сергей Лаптев табиғи тасты және бөренені көтеру жаттығуларында қарсыластарын артта қалдырды. Финалда ол қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздар арасында Алматы немесе Астанада қорытынды жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама