×

Астанадағы азық-түлік жәрмеңкесі Есілдің оң жағалауына ауыстырылатын болды

Келесі аптадан бастап әр сенбі-жексенбіде қалаға жақын аудандардың өнімдері сатылады

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2022 | 09:45
фото: ашық дереккөз

Елордада жәрмеңке орнын Есілдің оң жағалауына ауыстыру жоспарланып отыр. Бірақ жергілікті тұрғындардың бұл сұрауы биыл емес, келесі жылдан бастап орындалады. Өйткені биылғы жәрмеңке бүгін аяқталып жатыр.

Маусымда басталған дәстүрлі шараның 5 айы ішінде 15 өңірдің өнімі сатылды. Барлығы 5 мың тоннадан аса тауар жеткізілді.

Өнімдердің басым бөлігі сөреге шаруашылықтың басынан алыпсатарсыз жеткізілді. Тиісінше баға да базарға қарағанда 10-20 пайызға арзан болды.

Бұл ретте бір ескерерлігі, өңірлердің жәрмеңкесі аяқталған соң, яғни келесі аптадан бастап әр сенбі-жексенбіде қалаға жақын аудандардың өнімдері сатылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама