×

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің 18 метрлік муралы пайда болды

Әншінің суреті оның ұстазы тұратын үйдің сыртқы қабырғасына салынды

 Дастан Жұмабекұлы 28.10.2022 | 15:49
фото: ашық дереккөз

Q88 қазақстандық урбанистер қауымдастығы Ақтөбеде көгалдандыру жобасын дайындап, көпқабатты үйлердің біріне белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің муралы салынғанын хабарлады.

Қауымдастық өкілі Алина Әбдірахманованың айтуынша, биыл қалада 10 мурал салынады. Әр туынды алдын ала келісіммен салынатын болады. Соның бірі – Димаш Құдайбергеннің бейнесі. Димаштың бейнесі қолына алғаш қалам ұстатқан ұстазы тұратын үйге салынған.

Оның ұстазы Клара Қажығалиева муралдың өзі тұратын үйге салынғанына дән ризашылығын білдіріп, туындының авторына алғыс айтты.

«Қандай сәйкестік десеңізші... Мен тұратын үйге Димашымның суретін салған! Қарасаң көз тоймайды. Үйдің ішінде жүріп терезеге қарасаң, Димаштың ең алғашқы муралын көремін. Ал енді жұмысқа шықсаң, Димаш мені шығарып сап, келгенде күтіп тұрғандай. Димаш, жарайсың! Суретті салған суретшіге мың алғыс!» – деді Клара Қажығалиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама