×

Пойыздағы төменгі орындардың бағасы қымбаттай ма?

Ұлттық тасымалдаушы билет құнына қатысты дифференциальды тәсілдің күші жойылғанын хабарлады

 Халық үні 27.10.2022 | 22:54
фото: almaty.tv

Қазақстанда пойыздағы төменгі орындардың бағасы қымбаттамайтын болды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін ұлттық тасымалдаушы 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың вагондарында жоғарғы орындар 20 пайызға арзандайтыны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама