×

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Аят» төбе көрсетті

Қазақстанның командалары қарсыластарымен тең ойнады

 Дастан Жұмабекұлы 27.10.2022 | 10:08
фото: ашық дереккөз

Футзалдан Алматының «Қайрат» пен Рудныйдың «Аят» клубы биылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізді.

«Қайрат» командасы өз алаңында Бельгияның «Халле-Гооик» клубымен кездесті. Матч 2:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің төртінші минутында алаң иелері алға шықты. Есепті Франко Еловчич есепті ашты. 17- минутта «Қайраттың» ойыншысы Кайо Лавратти Руиз есеп теңестірді.

Екінші таймның 31-минутта алаң иелері тағы бір гол салды. Диого голдың авторы атанды. Осыдан 37-минутта Дәурен Тұрсағұлов есепті теңестірді.

Енді келесі турда 27 қазанда «Қайрат» Испанияның «Пальмо» (Мальорка) клубымен кездеседі. 29 қазанда Францияның «Спортинг» (Париж) командасымен күш сынасады.  

Сондай-ақ, екінші топта Рудныйдың «Аят» клубы Хорватияның «Ново Вриеме» командасымен ойнап, 2:2 есебіимен тең түсті.

Бұл кездесуде «Аяттың» ойыншысы 26-минутта Антон Рындин есепті ашты. Одан кейін көп ұзамай, 30-минутта Тони Елавич таразы басын теңестірсе, 32-минутта Леандро Рудныйдың командасына бір голды сыйлады. Бұл қуаныш көпке соқылмады. Араға төрт минут салып, 36-минутта «Аяттың» ойыншысы Азат Валиуллин өз қақпасына гол салып алды.

27 қазанда «Аят» 2-топта Португалияның «Спортинг» (Лиссабон), 29 қазанда Хорватияның «Пула» (Пула) командаларымен кездеседі.

Негізгі кезеңнің матчтары 25-30 қазан аралығында өтеді. Элиталық кезеңге әр топтан үздік үш команда қатысады. Бұл кезеңнің кездесулері 22-27 қарашаға жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама