×

Қордайда 27 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілді

Жаңа оқу жылына дейін бұл мектептердің атауы болмаған

 Айгерім Таубай 26.10.2022 | 12:50
Halyq Uni

Қордай ауданында бірқатар мектепке ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің есімі берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қордай ауданы білім бөлімінің хабарлауынша, ауданда 47 мектеп бар. Оның ішінде 27 мектептің бұған дейін атауы болмаған.

«Бұған дейін 27 мектептің атауы жоқ болғандықтан, олар тек нөмірмен белгіленген. Бұл мектептердің атауын өзгерту туралы әр мектептің ұжымы 2020 жылы қыркүйекте мәселе көтеріп, педагогикалық кеңестің шешімімен ұсыныстарын айтты», - деді Қордай ауданы білім бөлімінің басшысы Санат Әшірбеков.

Оның айтуынша, мектеп қызметкерлерінің ұсынысы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына тапсырылып, әрі қарай республикалық ономастикалық комиссияға жолданған.

Осылайша 2022 жылдың сәуірінде қаулы қабылданып, Қордай ауданындағы 27 мектептің атауы жаңа оқу жылында өзгертілді.

Мектептерге Қаныш Сәтпаевтың, Шерхан Мұртазаның, Әлихан Бөкейханның, Спандияр Көбеевтің, Міржақып Дулатұлының, Сәкен Сейфуллиннің, Мұхтар Әуезовтің, Санжар Асфендияровтың, Смағұл Сәдуақасұлының, Жұбан Молдағалиевтің, Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Оралхан Бөкейдің, әл-Фарабидің, Ахмет Байтұрсынұлының және басқа да қоғам қайраткерлерінің есімі берілген.

Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама