×

Павлодар облысында қайғылы жағдай болды

Екі адамды құтқару мүмкін болмаған

 Халық үні 25.10.2022 | 20:40
фото: ашық дереккөзден

Павлодар маңында екі көлік жылқыға соғылды, екі адам қаза болды. Қайғылы оқиға республикалық тасжолда болды, деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

23 қазанда сағат 00.58-де оқиға куәгерлері жедел жәрдем диспетчеріне қоңырау шалып, Чернорецк ауылынан 15 шақырым жерде екі көлік жылқыға соғылғанын хабарлаған. Тоғыз минут ішінде жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері оқиға орнына жеткен.

Екі адамды құтқару мүмкін болмаған. 29 және 35 жастағы ер адамдар көз жұмды.
36 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама