×

Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Ұшақ жеке ағаш үйге құлаған

 Халық үні 23.10.2022 | 19:35

РФ ТЖМ баспасөз қызметі Су-30 жойғыш ұшағының сынақ барысында Иркутск қаласының жеке секторында апатқа ұшырағанын мәлімдеді. 

Ұшақ апатынан екі ұшқыш қаза тапты. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ жеке ағаш үйге құлаған. Ұшақ құлағаннан кейін 200 шаршы метр аумақта өрт шықты. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімі жұмыс істеп жалынның алдын алды. 

Әуе апаты кезінде Иркутскіде үйде адамдар болмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама