×

Путинді жазалауды ұсынған ресейлік 3 депутат сыртта бас сауғалап жүр

Тағы екеуіне «Ресей армиясының беделіне нұқсан келтірді» деген хаттама толтырылған

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2022 | 17:35
фото: ашық дереккөз

РФ Мемлекеттік думасын президент Владимир Путинге қатысты жаза тағайындауға шақырған Смольнинское муниципалитетінің үш депутаты Никита Юферев, Дмитрий Палюга және Дмитрий Балтруков Ресейден кетіп қалды. Олар Путинді «мемлекетке сатқындық жасады» деп ашық айыптаған болатын.

Никита Юферев Twitter-дегі парақшасына 13 қазанда Белградқа кеткенін, ал 16 қазанда оған балалары мен әйелі келгенін жазды. Сондай-ақ Дмитрий Балтруков Ташкентке іссапармен барған кезде еліне шақырту келген. Алайда ол Ресейге оралудан бас тартты.

Дәл сол кезде менің үстімнен қылмыстық іс қозғалатыны туралы хабарланды. Сол себепті, іссапарымды созуды жөн санадым, – деп жазды Балтруков.

Ал Дмитрий Палюга 20 қазаннан бері Тбилисиде жүргенін мәлімдеді.

Мұндай шешімді қабылдау ауыр болды деп айта алмаймын. Біраз уақыттан бері Ресейде саяси қызметпен айналысу мүмкін болмайтыны белгілі болды және тәуекелдер артты. Мен депутат болып қала беремін, жиналысты бейнежазба арқылы өткізе аламыз, регламент бұған рұқсат береді, – дейді ол.

Айта кетсек, аталған үшеуімен қоса, тағы екі депутатқа «Ресей армиясының беделіне нұқсан келтірді» деген айыппен әкімшілік хаттама толтырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама