×

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

Сіздің басшылығыңызбен еліңіздің бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін деді ол

 Еркеғали Болатұлы 23.10.2022 | 16:40
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.

Бұл жеңісіңіз отандастарыңыздың Сізге және Қытайдың саяси-экономикалық іргесін нығайтуға, азаматтарының әл-ауқатын еселеуге және халықаралық сахнадағы беделін арттыруға бағытталған дана да көреген саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Сіздің басшылығыңызбен еліңіздің бүгіннен де биік белестерге жете беруіне шынайы тілектестігімді білдіремін, - деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, бүгін 20-шақырылымдағы ҚКП Орталық комитетінің бірінші пленумы өткен болатын. Онда саяси бюро мен оның тұрақты комитетінің құрамы жаңадан бекітілді. Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті (ҚКП Орталық Комитеті) Си Цзиньпинді үшінші мәрте Бас хатшы етіп қайта сайлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама