×

Жаңа жылды Қазақстанда қарсы алғым келеді - GGG

29 желтоқсанда Жапонияда GGG - Риота Мурата арасындағы жекпе-жек өтеді

 Ербол Тұрымбет 25.11.2021 | 11:02
Геннадий Головкин, фото: Getty Images

Орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) 29 желтоқсанда Риота Муратаға қарсы жекпе-жек қарсаңында Yahoo! Japan тілшісіне сұхбат беріп, алдағы жоспарын айтты.

- 29 желтоқсанда өтетін жекпе-жектен кейін не жоспарлап отырсыз?

- Отаныма оралып, жаңа жылды отбасыммен бірге қарсы алғым келеді. Бірақ, қазір ең маңыздысы - Риота Муратаға қарсы жекпе-жек. Одан басқа ештеңе ойлап жүрген жоқпын.

- Келесі жылы жасыңыз 40-қа келеді. Кәсіпқой боксшы ретіндегі карьераңызды аяқтаған соң не істемексіз?

- Мен әлі де кәсіпқой боксшымын, сондықтан бұл сұраққа жауап бере алмаймын. 40 жас мен үшін жаңа белестің бастауы болады деп ойлаймын.

GGG үшін 29 желтоқсанда өтетін Жапониядағы кездесу - DAZN платформасымен жаңа келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жек. Оған қоса, Геннадий Головкин биыл алғаш рет шаршы алаңға шыққалы отыр.

Айта кетейік, осыған дейін бұл айқас Токиодағы Saitama Super арнеасында өтетінін белгілі болған. Кездесу жергілікті уақытпен күндіз өтеді, себебі оны кешкісін Америкада трансляциялайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама