×

Биыл кәсіпорында қанша жұмысшы қаза тапты?

Зардап шеккендердің ең көп саны – тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласында

 Дәурен Ерболат 21.10.2022 | 13:20
Фото: Depositphotos

Жыл басынан бері кәсіпорында 134 жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 9 айда елдегі кәсіпорындарда 999 адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға аз. Сондай-ақ 134 адам қаза тапты. Бұл былтырға қарағанда 4,3%-ға төмен, - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Төлеген Оспанқұлов өндірістегі қайғылы оқиғалардың негізгі себебіне тоқталды.

«Зардап шеккендердің өндірістік қауіпсіздікті мүлде елемеуі, өндіріс пен жұмысты қанағаттанарлықсыз деңгейде ұйымдастыру – 34,9%. Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, ШҚО, Қостанай облысы, Ақтөбе, Павлодар облысы және Алматыда тіркелді. Экономика салаларының бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны – тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласында», - деді комитет төрағасы.

Айта кетейік, бүгінде кәсіпорындардың жұмысшыларға қарызы 1 млрд теңгеден асады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама