×

Жұмыскерлердің алдында берешегі көп өңірлер аталды

Кәсіпорындардың жұмысшыларға қарызы - бір миллиард теңгеден астам

 Дәурен Ерболат 21.10.2022 | 12:55
Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов жұмыскерлердің алдында ең көп берешек қай өңірлерде екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қазір 60 кәсіпорынның 1 821 қызметкерге жалақы бойынша жалпы берешегі – 1 млрд 24 млн теңге.

Биыл 14 кәсіпорынның 976 қызметкерге 327 млн теңге берешегі бар. Жұмыскерлердің алдында ең көп берешек Абай облысында – 218 млн теңге; Жетісу облысында – 22,9 млн теңге. Астана қаласында – 19,3 млн теңге, - деді Төлеген Оспанқұлов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол банкрот және оңалту сатысында тұрған 46 кәсіпорынның 845 қызметкерге жалақысы бойынша берешегі 913 млн теңге екенін атап өтті.

«Жыл басынан бері жергілікті еңбек инспекторларының көмегімен қызметкерлерге шашамен 4,1 млрд теңге берешек төленді. Сол арқылы 16 млн-нан аса қызметкердің құқығы қорғалды», - деді комитет төрағасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама