×

2024 жылғы Олимпиадада қонақтар визаны жеңілдетілген тәртіпте алады

Ойындары 26 ​​шілде мен 11 тамызы аралығында өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 20.10.2022 | 18:03
фото: ашық дереккөз

Францияның астанасы Париж қаласында өтетін 2024 жылғы Олимпиада ойындарына келетін қонақтар визаны жеңілдетілген тәртіпте алатын болады.

Ұйымдастыру комитетінің халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Софи Лоран Париж қонақтары жеңілдетілген тәртіпте алдын ала «Олимпиада» визасын алу мүмкіндігіне ие болатынын айтты.

Біз визаларды алуға қатысты жеңілдетілген тәртіпте алуға болатын Олимпиадалық визаны енгізу үшін Франция үкіметімен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Мұны Ойындарға дейін алдын ала жасау керек. Біз мұндай визаларды алуға көмектесеміз. Виза мәселесімен айналысатын адамдар мұны 2023 жылдың басында бастайды, –  деген Лоран.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама