×

«Кісі қолынан өлген». Оралда үйдің астынан 323 адам сүйегі табылды

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр

 Халық үні 19.10.2022 | 22:54
фото: ашық дереккөзден

Оралда ескі үйлердің астынан адамның сүйектері табылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Қазір полицейлер қаңқаның кімге тиесілі екенін анықтау үшін сүйектерді сараптамаға жіберді.

Адам сүйектері қаланың ескі бөлігінен шыққан. Оны ескі тиын іздеген қала тұрғыны тауып алыпты. Ол үйдің шатыры мен жертөлесінен былтыр да үш адамның сүйегі табылғанын айтады. Осындағы апаттық жағдайда тұрған ескі үйді сүріп тастап орнына жаңасын салайын деп жатқанда 11 бас және 323 дене сүйегі табылған.

Тұрғындар бұл қаңқалар кісі қолынан өлген адамдардың сүйегі болуы мүмкін деген болжам айтуда. Алайда, мамандар қаланың ескі бөлігінде көне зираттар көп болған дейді. Кейін бәрін сүріп тастаған.

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

«Аталған жерге жедел-тергеу тобы барып, оқиға болған жерді тексергенде адамның қаңқасын тауып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесіне қарай заңды іс жүргізу шешімі қабылданады», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама