×

Ейск қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар көбейді

Барлығы 13 адам ажал құшты

 Дастан Жұмабекұлы 18.10.2022 | 17:40
фото: ашық дереккөз

Кеше түнде Ресейдің Краснодар өлкесінің Ейск қаласында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

Зардап шеккендер саны туралы мәліметті Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Қазір апат болған жерде төтенше жағдай жарияланды.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ейскідегі ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 13 адамға жеткен.

Краснодар өлкесінің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram каналында өрттің толық сөндірілгені хабарланды. 

Ейск қаласындағы көпқабатты үйдегі өрт толығымен сөндіріліп, 250 адам басқа жаққа көшірілді. Оның ішінде 40 бала бар. Барлығы алты қонақүй мен 500 орындық пансионаттарға орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама