×

Ресейде әскери ұшақ тұрғын үйге құлады (ВИДЕО)

Су-34 бомбалаушы әскери ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған

 Халық үні 17.10.2022 | 23:56

Ресейдің Краснодарск өлкесінің Ейск қаласындағы көпқабатты үйге Су-34 ұшағы құлады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Агенттіктің мәліметінше, Ейск қаласындағы 9-қабатты тұрғын үйге әскери ұшақ құлады. Тұрғын үй өртеніп жатыр. Құтқару қызметті жұмыс жүргізуде.

Ал қаланың төтенше жағдай қызметі тұрғын үйге Су-34 ұшағының құлағанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламаға қарағанда, Су-34 бомбалаушы әскери ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған. Апатқа ұшақ қозғалтқыштарының бірінде шыққан өрт себеп болған. Су-34 құлаған тұрғын аудандардың бірінің ауласында ұшақтың жанармай құятын багы жарылып, өртенген.

Көз жұмғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама