×

«Ресей әскері жеңілуді білмейді деген аңызды жерледік» - Украинаның бас қолбасшысы

Нағыз украин болу, батылдық танытып еркіндік үшін күрес қандай екенін көрсеттік, дейді ол

 Халық үні 15.10.2022 | 20:54
фото: украинсая правда

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы генерал Валерий Залужный ел азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтаған сөзінде «енді біз өзіміздікін қайтаруға кірістік, украин әскерін ешкім тоқтата алмайды» деп мәлімдеді. 

2020 жылғы қыс әлемдік тарихтың бір бөлігіне айналып үлгерді. Біз жаудың ірі соққысына төтеп бере алдық. Нағыз украин болу, батылдық танытып еркіндік үшін күрес қандай екенін көрсеттік.

Жаңбырша жауған орыс снарядтарының астында қалсақ та жеріміздің әр сүйемін тас қылып ұстадық. Жау басқыншылығын тоқтатып, Ресей әскері жеңілуді білмейді деген аңызды жерледік. Енді өзіміздікін қайтаруға кірістік. Бізді ештеңе және ешкім тоқтата алмайды» дейді Залужный. 

Дереккөз: Qamshy.kz

Серіктес жаңалықтары

Сараптама