×

Алматыда заңгер әйелді өлтірді деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды

Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды

 Халық үні 14.10.2022 | 21:55
ашық дереккөзден

Алматы қаласында жедел-іздестіру шарасы барысында заңгер әйелді өлтірді деген күдікпен 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Бұл  туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 1971 жылы туған Н. есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жалғасуда»,- делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.

Айта кетейік, бұған дейін заңгерді өлтірді деген күдікпен оның күйеуі іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама