×

Алматыда заңгердің өліміне қатысы бар күдікті анықталды

Ол юристті көп жерінен пышақтаған 

 Динара Амантай 13.10.2022 | 11:56
Фото: polisia.kz

Алматыда заңгер Айман Асанованы пышақтаған күдікті анықталды. Юрист көп жерінен пышақ алып, жақын жердегі ауруханаға жеткізілгенімен көзін ашпастан қайтыс болды, –  деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыда заңгер әйелдің өлімі туралы ақпарат таратылды. Бұл деректі полиция қызметкерлері растады.

Бұл қылмыс 8 қазан күні сағат 23.00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болды.  1980 жылы туған А. есімді азамат көптеген пышақ жарақатымен қаладағы жақын жердегі ауруханаға жеткізілген.  Ол 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Алматы қалалық Полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұм әйелдің бұрынғы жұбайы - 1974 жылы туған Н. есімді азамат іздеуде екендігін растады. Оны қамауға алу шарасы жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама