×

Бүгін «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтеді

Сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы болады

 Дастан Жұмабекұлы 14.10.2022 | 10:51
фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы мен «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтеді.

Бұл туралы Ақорданың БОРТ №1 Telegram-арнасы хабарлады

Оған Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысады. Ал «Орталық Азия – Ресей» саммитіне аталған өңірдің мемлекеттері мен Ресейдің арасындағы сауда-экономикалық және басқа да салалардағы мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр.

ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі – достастықтың жоғары органы. Онда ұйым қызметінің негізгі мәселелері талқыланады. ТМД саммиті Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуі аясындағы басты оқиғалардың бірі болады. Бұл маңызды шараға пандемиядан кейінгі кезеңде алғаш рет оффлайн режимде ТМД құрамындағы мемлекеттердің басшылары қатысады, - деген еді Сыртқы стер мнистрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Кеше Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті болды. Оған 11 елдің мемлекет басшылары қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама