×

Қайрат Боранбаевтың «Қайрат» ФК-ны әкімдікке бергені рас па?

Қазір «Астана» ФК-на қарсы ойынға дайындалып жатыр

 Динара Амантай 12.10.2022 | 17:24
Фото: sportx.kz

«Қайрат» ФК әлеуметтік желіде қамауға алынған Қайрат Боранбаевтың аталмыш клубты әкімдікке бергені туралы ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Клуб бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. «Қайрат» ФК-ның жұмысы бұрынғы режимде жүргізілуде және қазір барлық күш 15 қазанда сағат 17:00-де Алматы қаласының «Орталық» стадионында өтетін 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Чемпионатының 23-турына, «Астана» ФК-на қарсы ойынға дайындалуға бағытталған, – делінген хабарламада.

Бұған қоса клубтың баспасөз қызметі БАҚ өкілдерінен тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрап, тек ресми дереккөздерге сену керек екендігін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама