×

Jusan Bank Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Банк заң амалдарына жүгіне отырып қорғанатынын жеткізді

 Динара Амантай 12.10.2022 | 16:00
Фото: ашық дереккөз

Jusan Bank Нұрсұлтан Назарбаевтың банкке ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жақында халықаралық баспасөзде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты Jusan Bank-пен және оның Лондонда орналасқан Jusan Technology Limited, UK (JTL) бас компаниясымен байланыстыратын бірқатар мақалалар жарияланған еді. Мақалаларда Назарбаев Банкті де, JTL-ді де өз бақылауында ұстайды делінген. Осы мақалалардың кейбірі Қазақстан басылымдарында және әлеуметтік желілерде жарияланып, таралды.

Банк аталмыш мақалаларда фактілер қатты бұрмаланғанын атап өтеді. Осы мәлімдеме арқылы банк Назарбаев мырзаның да, оның отбасы мүшелерінің де банкке, оның еншілес кәсіпорындарына және бас компания –JTL-ге қатысы жоқ екендігін хабарлайды. Олар банк акционерлерінің құрамына да кірмейді және қандай да бір нысанда банкке немесе JTL-ге бақылауды жүзеге асырмайды, – делінген хабарламада.

Бұған қоса, банк өкілдері өз беделін сақтау үшін және кез келген негізсіз айыптаулардан, қажет болса, заң амалдарына жүгіне отырып қорғанатынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама