×

Қатар әмірі Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды

Мундиаль 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 12.10.2022 | 15:17
фото: ашық дереккөз

Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани елімізге мемлекеттік сапарында Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл қараша айында басталатын футболдан әлем чемпионатын тамашалауға шақырды.

Қатар әмір қарашада әлем чемпионаты басталатынын айтты. Ол Қазақстаннан келетін қонақтарға билет жіберілетінін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты әлем чемпионатына шақырамын. Ол кезде Қазақстанда сайлау өтетінін білемін. Бірақ уақыт тауып, чемпионатты тамашалайсыз деп сенемін, –  деді ол.

Қатар биылғы әлем чемпионатына 208 млрд еуро жұмсап, әлемдік доданы өткізу бойынша тарихи рекорд жасап отыр. «The Sun» басылымының хабарлауынша, Қатар елі 2022 жылғы әлем чемпионатына қазірдің өзінде шамамен 208 млрд еуро жұмсаған. Бұл 2018 жылғы әлем чемпионатынан 17 есе көп. Ресейде өткен турнирге 11,6 млрд фунт (шамамен 13 млрд еуро) жұмсалған.

Мундиальдың ашылу салтанаты 20 қараша күні болады. Осы күні Қатар мен Эквадор құрама командалары кездеседі.

Бұл ойынға дейін де екі матч өтеді. Сенегал Нидерландымен, Англия Иранмен кездеседі.

Мундиаль 18 желтоқсанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама