×

Қазақстан мен Әзербайжан әскери салада тәжірибе алмасады

Кездесуде білім беру, жауынгерлік даярлықтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

 Дастан Жұмабекұлы 12.10.2022 | 13:55
фото: ашық дереккөз

Бакуде Қазақстан Қарулы күштері мен Әзербайжан әскері Бас штаб бастықтарының кездесуі өтті.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов Әзербайжанға жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Әзербайжан армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Керим Велиевпен кездесті.

Кездесуде тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлықтағы әскери ынтымақтастық, әскери құрылыс саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама