×

Путин мен Зеленскийдің кездесетін күні белгілі болды

Президентті қабылдауға дайындық қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр

 Халық үні 12.10.2022 | 08:49
фото: ашық дереккөзден

Индонезияның БАӘ-дегі елшісі Хусин Багис Балидегі G20 саммитіне Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский қатысатынын айтты.

Хусин Багис National басылымына Путиннің де, Зеленскийдің де саммитке қатысатынын растағанын айтты. Елшінің айтуынша, екі президентті қабылдауға дайындық қазірдің өзінде қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz

«Оларды орналастыруға болатын қонақүйлерді реттеп жатырмыз. Біреуі Путин мырзаға, екіншісі Зеленский мырзаға. Индонезия басқа елдерден ерекшеленеді. Менің елімде бәрі тыныш», - деді Хусин Багис.

G20 саммиті 15-16 қарашада Балиде өтеді. Ресей мен Украинаның сыртқы істер министрліктері мемлекет басшыларының қатысуын әзірге растаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама