×

Ұлттық валюта авторларының бірі президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

Хайролла Ғабжалилов сайлау жарнасын төлеп, ОСК-ға құжаттарын тапсырды

 Халық үні 11.10.2022 | 18:11
Фотосурет: 1992 жыл, Хайролла Ғабжалилов

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінен Хайролла Ғабжалиловтің ҚР президенттігіне кандидат ретінде құжаттары ұсынылды.

Тапсырылған құжаттар тізбесі:

  • «Оралмандардың «Асар» бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  • Х.М. Ғабжалиловтің ҚР президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  • Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Хайролла Ғабжалилов 1950 жылы Қарақалпақстанда дүниеге келген. Танымал суретші, сәулетші, Қазақстанның төл ұлттық валютасы — теңге авторларының бірі. 

Бұған дейін төл теңгеміздің авторларының бірі Хайролла Ғабжалилов Halyq Uni тілшісіне «теңгенің» пайда болу тарихы туралы естелігін айтып берген еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама