×

Украинаға әуе қорғанысы жүйесін береміз –  Байден

АҚШ Ресеймен соғысуға көмек үшін 16 млрд 800 млн доллар қаржы бөлген

 Дастан Жұмабекұлы 11.10.2022 | 14:42
фото: gagadget.com

АҚШ Украинаға қазіргі заманғы әуе қорғанысы жүйесін береді.

Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден айтты.

Ол Украинаны зымыранмен жаппай атқылаған Ресейді айыптап, Украинаға РФ-сының соққыларынан қорғану үшін қазіргі заманғы әуе қорғанысы жүйесін беретінін мәлімдеді.

Зеленский Байденге Украинаға әуе қорғанысы жүйесінің ауадай керек болып отырғанын, өйткені, Ресейдің зымыранмен атқылауынан бейбіт халықтың зардап шегіп, инфрақұрылымның істен шығып жатқанын жеткізді.

Байденмен әңгімеден кейін Зеленский өзінің Telegram-арнасында Украина мен АҚШ-тың қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы номері бірінші мәселесі бола беретінін атап өтті.

Биыл АҚШ Украинаға Ресеймен соғысқа көмектесу үшін 16 млрд 800 млн доллар қаржы бөлді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама