×

Атырауда 4-сынып оқушыларынан ақша жинап, белгісіз ұнтақ жегізген: сараптама қорытындысы шықты

Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнтақтың психотроптық зат емес, адам ағзасына зияны жоқ екені анықталды

 Халық үні 11.10.2022 | 07:31
ашық дереккөзден

Атыраудағы мектептердің бірінде 4-сынып оқушылары әлімжеттіктің кесірінен сабаққа барудан бас тартты. Балалар ата-аналарына жоғары сынып оқушылары өздерін қорқытып, ақша жинап, құрғақ ұнтақ жеуге мәжбүрлейтінін айтады. Ата-аналар шындықты оқушылар уланғаннан кейін ғана білген, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Оқушылардың бірінің анасы жақында 4-сыныпта оқитын баласының түрлі сылтаулармен ақша сұрай бастағанын және әкесінің әмиянынан рұқсатсыз белгілі бір соманы алып кеткенін байқаған. Әлеуметтік желіде әйел оқиға туралы жазыпты. Екі күн бұрын оқушы басы айналып, есінен танып қала жаздағанын айтқан.

«Полиция қызметкерлері түскен ақпаратты тексерді. 4-сынып оқушыларынан заңды өкілдері арқылы жауап алынды. Наркологиялық сараптама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша ұнтақтың психотроптық зат емес, адам ағзасына зияны жоқ екені анықталды. Ол суда еритін сусын болып шыққан", – деп түсіндірді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Білім беру мекемесі басшылығына оқушылардың ата-аналары өтініш білдірген. Әкімшілік мектеп жанында орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды қарап шыққан, алайда ештеңе табылмапты. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама