×

Әйнегін таспен ұрып сындырған: Астанада көлік тонаған ұры ұсталды

Қылмыскер автомагнитоладан бастап, балық аулайтын қармақ пен күннен қорғайтын көзілдіріктерге дейін алып кеткен

 Наима Нұрәлі 09.10.2022 | 10:30
Фото: insit.tv

Бұл деректі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.

Бүгін бірнеше тұрғын құқық қорғау органдарына қоңырау шалып, бәз біреулердің Мұстафин көшесі маңында тұрған көліктердің терезелерін сындырып,  ұрлық жасағаны туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 20 жастағы күдікті қолға түсті.

Оқиға былай өрбіді. Түнгі сағат 04.30 шамасында ішімдікке тойып алған жігіт тұрақтағы «Honda Accord» маркалы автокөлікте дабыл жүйесінің жоқтығын байқап, алдыңғы әйнегін таспен ұрып сындырған.

Сосын көлікке кіріп, тұрмыстық химиялық заттарды қолды етті. Ол аздай тағы үш көлікті тонапты. Жас жігіт автомагнитоладан бастап балық аулайтын қармақ пен күннен қорғайтын көзілдіріктерге дейін өзімен алып кеткен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама