×

«Ақ жол» атынан президент сайлауына қатысқысы келген ірі бизнесменнің кандидатурасын пленум қолдамады

Тағы бір үміткер ұсыныс жасап, бірақ соңында бас тартты

 Халық үні 06.10.2022 | 12:27
Азат Перуашев, фото: inform.kz

Бүгін Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп жатыр. Онда партия атынан кезектен тыс президент сайлауына қатысатын үміткер анықталып жатыр.

Саяси ұйымның съезінде партия атынан сайлауға қатысуға ниетті үш адам белгілі болды. Үш үміткердің бірі – жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев және «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, кәсіпкер Асқар Садықов.

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, кезектен тыс президент сайлауын өткізу жарияланғалы партия атынан 6 адам сайлауға түсуге ниет білдірген. Бұл 6 адамның бірі – ірі бизнесмен. Ол партия атынан қатысқысы келген, бірақ пленум оның кандидатурасын қолдамаған. Тағы бір кісі бастама көтеріп, кейіннен қатыспауды ұйғарыпты. Тағы бір адам ұсыныс жасап, бірақ соңында бас тартқан.

Еске сала кетсек, 2019 жылы 9 маусымда елдегі президент сайлауына «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дәния Еспаева қатысып, ол сайлаушылар даусының 5,05 % жинады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама