×

Қостанай облысында 23 мың бөтелке алкоголь тәркіленді

Оған алкогольдің 40 түрі құйылған

 Дәурен Ерболат 04.10.2022 | 16:51
Фото: inform.kz

Қостанай облысында 23 мыңнан аса ішімдік тәркіленді деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

ҚМА-ның Қостанай облысы бойынша департаменті бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері бойынша контрафактілік есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдерін сақтау және сатумен айналысқан компания (ЖШС) құрылтайшысын әшкереледі.

Тінту кезінде жалған акциздік маркалар жапсырылған 23 мыңнан аса бөтелке тәркіленді. Оған алкогольдің 40 түрі құйылған. Ішімдік қоймаларда сақталған, - деп жазылған хабарламада.

Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама