×

Маңғыстауда «Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасы әшкереленді

Шығын көлемі 50 миллион теңгені құрады

 Динара Амантай 21.09.2022 | 12:02
Фото: ernur.kz

Маңғыстау облысында «Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік өкілдерінің мәліметінше, 2021-2022 жылдар аралығында «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативінің басшысы мен менеджерлері инвесторларға Ақтау қаласында жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ жаңа және пайдаланылған автокөліктерді тиімді шарттармен пайызсыз және үстеме төлемсіз бөліп төлеу принципі бойынша сатып алуды ұсынған. Компания бағдарламалары бойынша 25 млн теңгеге дейін автокөлік және 50 млн теңгеге дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға болатын.

Осылайша, аталған кооператив әрекеттерінде қаржылық пирамида ұйымдастырудың белгілері анықталып отыр.

Тергеу барысында шығын көлемі 50 миллион теңгені құрағаны белгілі болды. Күдіктілердің мүлкі мен есепшоттары бұғатталды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеп-тексеру мүддесiне қатысты өзге де мәлiметтер жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама