×

Утилалым ставкасы қашан анықталатыны белгілі болды

Кәдеге жарату алымын алу қызметін енді мемлекеттік «Жасыл Даму» АҚ жүргізеді

 Айнұр Шошаева 15.02.2022 | 10:45
коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда утилизация алымы бойынша мөлшерлеме ақпанның соңына дейін анықталады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазір кабель-өткізгіш өніміне кәдеге жарату алымын алуды 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру жөнінде шешім қабылданды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, мөлшерлемені қайта қарау бойынша жұмысты осы айдың соңына дейін аяқтаймыз, – деді Брекешев үкімет отырысында. 

Сонымен бірге ол кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражатқа иелік ету функциялары «Жасыл Даму»АҚ-ға берілгенін атап өтті. Бұл – мемлекеттің 100 пайыздық үлесі бар министрліктің ведомстволық ұйымы.

Бұған дейін утилизация алымы бойынша мөлшерлеме төмендейтінін хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама