×

Мемлекет қаржысын игере алмай отырған министрліктер аталды

49 млрд теңге игерілмеген

 Дәурен Ерболат 13.09.2022 | 10:49
фото © Нұрдәулет Әбікеев

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игере алмай отырған министрліктерді атады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Биыл 8 айда мемлекеттік бюджетке 10 трлн 85 млрд теңге, ал республикалық бюджетке 6,8 трлн теңге шамасында кіріс түскен.

«Кірістер бойынша жоспар 125 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар 69 млрд теңгеге, салықтық емес кірістер – 56 млрд теңгеге асыра орындалды. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы қосылған құн салығына және шикі мұнайға экспорттық кеден бажына тиесілі болды», - деді министр Үкімет отырысында.

Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет бойынша 11,7 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілгенін атап өтті.

Атқарылмағаны – 60 млрд теңге, оның ішінде 11 млрд теңге үнемдеу. Игерілмеген сома – 49 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Ішкi iстер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту (ғылым және жоғары білім) министрліктерінде, - деді ведомсво басшысы.

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлемдердің нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін жүргізілуі, есепті айда қаражаттың шығындалуына қажеттіліктің болмауы.

Министрдің айутынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,3 трлн теңге болған.

Атқарылмағаны – 155 млрд теңге. Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 1,9 трлн теңге бөлінген. Оның 95,6%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 85 млрд теңге, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемдеу, ал 78 млрд теңге игерілмеген.

Ең көп игерілмеу: Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстарында. Игерілмеудің негізгі себептері: жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама