×

Арзан дизель отынын алыпсатарлықпен айналысқан кәсіпкерлер анықталды

Агенттік мұнай өнімдерін шетелге экспорттаудың көлеңкелі схемаларын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр

 Дәурен Ерболат 05.08.2022 | 10:45
Фото: dela.ru

Қазақстанда шаруаларға берілген арзан дизель отынын алыпсатарлықпен айналысқан кәсіпкерлер анықталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ведомство жанар-жағармайға қатысты алыпсатарлықтың алдын алу үшін еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты тексерулер жүргізуде.

Бүгінде жалған жүк жөнелтілім құжаттарын қолданып, басқа мұнай өнімдерін атын жамылып, жанар-жағармай материалдарын экспорттау фактілері анықталды. Кейбір кәсіпкерлер егін жинауға жеңілдікпен бөлінген дизель отынын қайта сатумен айналысқан, - деп жазылған хабарламада.

Егер сіз жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерлерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы хабардар болсаңыз немесе уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне тап болсаңыз, Қаржылық мониторинг агенттігі немесе аумақтық департаменттерге тәулік бойы қызмет көрсететін сенім телефондарына хабарласа аласыз:

  • +7 (7172) 70-09-51,
  • +7 (7172) 70-84-78.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама