×

Субсидия қаржысын жымқырған қостанайлық шенеуніктер жазаланды

Олар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2022 | 10:43
фото: Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиялары түріндегі бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Кінәлілерге 6 жыл мерзімге коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшы лауазымдарды атқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - делінген хабарламада.

Бұл ретте кінәлілерге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама