×

440 млрд теңгеге жуық қаржыны шекара асырғандарға қылмыстық іс қозғалды

271 миллиард теңгенің операциялары әлі де қарастырылып жатыр

 Динара Амантай 13.07.2022 | 14:41
Фото: caspianlife.kz

Шетелге заңсыз шығарылған активтер бойынша 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі ақпан айында үкімет шетелден елге капиталды қайтаруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу жөніндегі комиссия құрғанын еске салды.

2019, 2020 және 2021 жылдардағы қаражаттың шығуына талдау жүргізілді. Салық органдарының жұмыс нәтижелері ҚМА-ға берілді. 56 тұлғаға қатысты 440 миллиард теңгеге жуық қаражатты шығару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 12 миллиард теңгеге қосымша салықтар есептелді, салық бойынша 29 тексеру жүргізіліп жатыр. 271 миллиард теңгенің операциялары қарастырылып жатыр, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге комиссия жұмысы аясында салықтағы жеңілдіктерге байланысты заңдарға түзетулер әзірленгені белгілі болды.

«Елге капиталды қайтаруды ынталандыру мақсатында валюталық түсімдердің 80 пайызын айырбастау шартымен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларын оңайлатылған қайтару қарастырылған. Мемлекеттік кірістер органдарына валюталық бақылау функцияларын беру мәселелері пысықталып жатыр», – деп қорытындылады Үкімет өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама