×

Жаңа заң: қарызы бар қазақстандықтар енді несие ала алмайтын болды

Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалып отыр

 Еркеғали Болатұлы 13.07.2022 | 14:20
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Қабылданған заңға сәйкес, басында несиесі бар қазақстандықтар қайта қарыз ала алмайды. Сондай-ақ Несие бюросына берілген қарыз туралы ақпаратты жеткізу уақыты 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарады. Микронесие бойынша сыйақының шекті мөлшері мен айыппұл көлемі шектеледі.

Мұндай қадам қазақстандықтардың несиелік жүктемесін азайту үшін жасалып отыр.

«Микронесиелік ұйымдарға қарыз азаматтардың жүктемесін қысқарту үшін микронесие бойынша артық төлемді екі есеге – микронесие сомасынан 100-ден 50 пайызына қысқарту ұсынылады», – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама