×

Қазақстандықтар жанар-жағармай бағасы бойынша шағымдана алады

Тиісті телефон номерлері жарияланды

 Халық үні 21.01.2022 | 11:00
фото: ашық дереккөзден

Президент мұнай өнімдерінің жекелеген түрінің бағасын 180 күнде реттеуді тапсырған болатын. Энергетика министрлігі осы тапсырманы орындау аясында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрық қабылдады:

  • Аи-80 маркалы бензин;  
  • Аи-92 маркалы бензин;
  • Аи-93 маркалы бензин;
  • Аи-95 маркалы бензин;
  • дизель отыны.

Бұл ретте, өңірлер бойынша дизель отынының бағасы ерекшеленеді. Мәселен, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында дизель отыны литрінің бағасы 260 теңгені, ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 230 теңгені құрайды.

Мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек бағаларына мониторинг жүргізу Энергетика министрлігіне бекітілген. Бұл ретте, мұнай өнімдеріне шекті бағаларды асырмау жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің (ТМРК) лауазымды тұлғалары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құзырлы. Осыған байланысты, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мұнай өнімдерінің жекелеген түрін өндіру және олардың айналымы саласындағы заңнама талаптарын сақтауы және мұнай өнімдерін белгіленген шектерден жоғары сатуға жол бермеуі тиіс.

Тұтынушылар өз кезегінде мұнай өнімдері бағасының асып кету фактілері анықталған кезде субъектілерді әкімшілік жауапқа тарту және белгіленген шекті деңгейге бағаларды қайтару үшін Энергетика министрлігіне және ТМРК-ға дереу жүгіне алады. Олар бағаны көтеру фактілері бойынша ТМРК-ның аумақтық департаменттеріне төменде көрсетілген телефон номерлері арқылы хабарлай алады:

  • Нұр-Сұлтан қаласы: (87172) 95-36-04;
  • Алматы қаласы: (87272) 72-14-01;
  • Шымкент қаласы: (87252) 32-15-04;
  • Алматы облысы: (87282) 24-27-40;
  • Атырау облысы: (87122) 21-10-42;
  • Ақмола облысы: (87162) 50-43-27;
  • Ақтөбе облысы: (87132) 74-30-64;
  • Шығыс Қазақстан облысы: (87232) 61-41-24;
  • Жамбыл облысы: (87262) 43-18-75;
  • Батыс Қазақстан облысы: (87112) 24-06-47;
  • Қарағанды облысы: (87212) 42-51-96;
  • Қостанай облысы: (87142) 53-52-40;
  • Қызылорда облысы: (87242) 27-21-86;
  • Маңғыстау облысы: (87292) 43-42-27;
  • Павлодар облысы: (87182) 78-70-97;
  • Солтүстік Қазақстан облысы: (87152) 61-82-81;
  • Түркістан облысы: (87253) 35-75-51.

Бұдан басқа, мұнай өнімдерін бөлшек саудада сататын нарық субъектілері монополияға қарсы заңнаманы бұзбауға, атап айтқанда жекелеген тұтынушыларға тауарды өткізуден негізсіз бас тарту бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалануға жол бермеуге тиіс. Нарық субъектілері өздерінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдаланған жағдайда, тұтынушылар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне де жүгіне алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама