«Емтихан тапсырмай диплом аласың». Шымкентте алаяқ әйел сотталды

Қымбат Елтайқызы

Ол тиісті жазасын алды

фото: Halyq Uni

Шымкентте алаяқ әйел үш жылға сотталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Жергілікті тұрғын ақша табу жолында екі азаматқа оқуға бармай, жоғарғы оқу орнында оқығаны туралы диплом алып беруге және оқу кезеңінде болатын емтихандарды тапсырмай өтуіне көмектесе алатынын айтып, сеніміне кірген. Осылайша, жастардан 100 мың теңге және 70 мың теңге қолма-қол ақша алған. Кейін оқу жылдары аралығында емтихандардан өту үшін жәбірленушілерден бөліп-бөліп, әрқайсысынан 800 мың теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан», – дейді ІІМ.

Білікті мамандардан құрылған тәртіп сақшылары шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып, ақша аударымдарын тексерді. Нәтижесінде жедел уәкілдер оқу орнының бұрынғы қызметкері болған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз ісін толығымен мойындады.

Қылмыстық іс дәлелденіп, ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағында (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – делінген ақпаратта.

Сарыағашта тұрғындардың миллиондаған теңгесін жымқырған екі жұмыссыз әйел түрмеге түсті. 1 млн доллар талап еткен «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» құрықталды. Алаяқ ақтөбелік зейнеткерді 5 млн теңгеге алдады. Петропавл тұрғыны жалған құжаттар жасап, миллиардтап табыс тапқан. Қаржы пирамидасын жарнамалаған 15 сайт бұғатталды – ІІМ. «Пәтеріңді сатып беремін»: Өскеменнің тұрғыны алаяққа 10,5 млн теңгені санап берген. Түркияға арзан жолдамалар беруге уәде еткен алаяқ ұсталды.