×

QazAvtoJol ұлттық компаниясының экс-басқарма төрағасы ұсталды

Ол аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

 Дәурен Ерболат 04.04.2024 | 09:05
Фото: qaj.kz

Елордада QazAvtoJol АҚ экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен «QazAvtoJol ҰК» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды. Ол бір көзден алу жолымен бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, - деп жазылған хабарламада.

Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама